2025 жылдың 27 қазанынан бастап әлемдегі футбол жанкүйерлері FIFA-ның ресми сайтында тіркеліп, 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы билеттерін ұтып алу мүмкіндігіне ие болады, 1bol.kz сайтына сілтеме жасайды.
«Тіркелу процесін 31 қазанға дейін аяқтау қажет. Ал алғашқы билеттерді сатып алу құқығына арналған бұл ұтыс ойынына қатысу – тегін», — деп жазды портал.
Билеттерге ерте тіркелу жүйесі — сатылым басталғанға дейін билеттерді кімнің бірінші сатып алатынын анықтайтын арнайы тәсіл. Бұл жүйе сұранысы жоғары матчтарда (мысалы, ашылу ойыны, финал немесе алаң қожайындарының кездесулері) әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін енгізілген.
Осылайша, әлемнің жанкүйерлері АҚШ, Мексика және Канада аумағында өтетін футболдан әлем чемпионатына қатысып, тартысты кездесулерді өз көзімен көру мүмкіндігіне ие бола алады.
