STEPPENEWS.KZ: FlyArystan әуекомпаниясының Алматы – Орал бағыты бойынша FS7167 рейсі құстармен соқтығысқан. Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ Орал әуежайына қонғаннан кейін Астанадан арнайы инженерлік-техникалық мамандар жеткізіліп, әуе кемесі мен оның негізгі тораптарына кешенді тексеру жүргізілді. Барлық техникалық бақылау аяқталған соң ұшаққа пайдалануға рұқсат беріліп, 25 қаңтар күні сағат 01:17-де Орал – Алматы бағыты бойынша қайта ұшырылды.
“Кешіктірілген рейстің жолаушыларына ыстық сусындар мен тамақ беріліп, 33 жолаушыға сұраныс бойынша қонақүйде орналастыру қамтамасыз етілді”, деді FlyArystan баспасөз қызметі.
Әуекомпания жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтті. Барлық қажетті шаралар авиациялық қауіпсіздік пен техникалық пайдалану талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды.

