Qazaqstan.tv фейкті шынайы ақпараттан ажырату жолдарын атап көрсетті.
Кейінгі кезде жалған фото мен видео, «жаңалықтар» түріндегі бұрмаланған контент көп тарап жатыр. Дегенмен фейк материалдарды бірнеше әдіс арқылы оңай ажыратуға болады. Мәселен, JPEGsnoop сайты контенттің метадеректерін оқиды және сәйкессіздіктерді анықтайды.
«Сондай-ақ Forensically және FotoForensics құралдары арқылы фотоларға өзгеріс енгізілгенін, оның жалған я манипуляция екенін білуге болады», — деп жазылған хабарламада.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әр мәліметтің анық-қанығын тексеріп алуды ескертеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін мамандар алаяқтардың құрбаны болмау үшін қаржы пирамидасының негізгі белгілерін білу маңызды екенін айтқан болатын. Оларды көбінесе мынадай белгілер арқылы анықтауға болады:
- қатысушылар алғашқы жарна төлеуді талап етеді;
- нарық бағамынан едәуір жоғары кірісті уәде етеді;
- әлеуметтік желілерде агрессивті жарнаманы белсенді түрде пайдаланады;
- жаңа қатысушыларды тартқаны үшін бонустар ұсынады;
- компанияның қызметі, басшылығы және қаржылық жағдайы туралы ашық ақпарат болмайды;
- ұйым халықтан салым қабылдауға лицензия алмайды.
Инвестициялық немесе қайырымдылық жобаларының атын жамылғанына қарамастан, қаржы пирамидасының жұмыс принципі әрқашан бірдей: бір қатысушыға төлемді басқалардың қаражаты есебінен беріледі. Алғашқы салымшылар шынымен де уәде етілген пайданы алуы мүмкін, бірақ бұл пайда жаңа қатысушылардың қаражатынан ғана алынады.

