Қостанай облысының тұрғыны азан шақырып қойған «Ұлболсын» есімін «Айша» деп өзгертіп, әлеуметтік желіде танымал болды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ол есімін ауыстырған сәтінің видеосы желіде кеңінен тарап, қазақстандықтардың қолдауына ие болды.
«Мен енді ресми түрде Айша Рахымжанқызы болдым», — деп жазды ол.
Оның видеосы сегіз сағат ішінде 1,9 млн қаралым және екі мыңға жуық пікір жинаған.
