Қазақстанда «Әскери баспана» бағдарламасы қайта басталатын болды. Бұл туралы бүгін үкімет тиісті шешім қабылдады.
Үкімет жалпы Қазақстандағы ипотекаға берілетін қаражатты екі есе ұлғайтпақ.
«Сонымен қатар сұранысқа ие «Әскери баспана» бағдарламасы қайта іске қосылады, ол жыл сайын кемінде жеті мың әскери қызметшінің отбасына жаңа үйден бөлек, қайталама нарықтан да пәтер сатып алуға мүмкіндік береді», — деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкімет сондай-ақ осы бағдарламаға қатысатын құрылыс компаниялар үй бағасын үш жыл қымбаттатпауға міндеттелді.