Қазақстан құрамасының таеквондошысы Нодира Ахмедова Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
«Ол жартылай финалға дейін жетіп, Тайбэй өкілі Юн Люге жол берді. Нәтижесінде Нодира әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, Қазақстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет 2007 жылы жүлдеге ие болған еді. Сол кезде Назгүл Тәжіғұлова (51 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген еді.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады. Еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр.
