Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабындағы оныншы WTA титулын иеленіп, ел тарихында осындай жетістікке жеткен алғашқы спортшы атанды.
Рыбакинаның тарихи жеңісі
Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA-500 сериялы турнирдің финалында әлемнің 9-ракеткасы Елена Рыбакина ресейлік Екатерина Александровамен (10-орын) кездесті.
Тартысты өткен матч үш сетке созылып, қазақстандық спортшы 3:6, 6:0, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл жеңіс Елена Рыбакинаға мансабындағы 10-шы WTA титулын сыйлады. Оның ішінде: екі WTA 1000 турнирінің трофейі және Уимблдондағы «Үлкен дулыға» жеңісі бар.
«Бұл ерекше жеңіс»
«Бұл жеңіс мен үшін ерекше. Әрбір титулдың өз тарихы бар, бірақ оныншы — символикалық мәнге ие. Маусымның азиялық кезеңін осылай аяқтағаныма қуаныштымын», – деді Рыбакина матчтан кейін.