STEPPENEWS.KZ: Жаңартылған рейтингті Women’s Tennis Association Индиан-Уэллс турнирінен кейін жариялады. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Indian Wells Open жарысының финалына дейін жетіп, рейтингте үшінші орыннан екінші орынға көтерілді. Бұл – оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар бұл Қазақстан теннисі тарихындағы ең үздік нәтиже саналады.
Әлемдік рейтингте бірінші орынды беларусь теннисшісі Арина Соболенко сақтап қалды. Ал үшінші орында польшалық Ига Швёнтек тұр.
Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева де рейтингте бір саты жоғарылап, қазір 75-орынды иеленіп отыр.

