STEPPENEWS.KZ: Пір Бекет ата қазақ халқының аса көрнекті тарихи тұлғасы, әйгілі батыры, қолбасшысы, ағартушысы, ойшылы, сәулетшісі, һәм әулиесі. Жастайынан білімге құштар болып өскен ол, 14 жасында Шопан атаға зиярат етіп, батасын алған. Кейін Хиуа қаласындағы Шерғази-Хан медресесінде оқыған. Биыл Пір Бекет атаның 275 жылдығы. Осыған орай Маңғыстау облысында Шопан ата мен Пір Бекет атаны еске алып, Тобықты жерінде арнайы ас берілген. 
Шараға шет елден және еліміздің әр түкпірінен көрнекті ғалымдар, зиялы қауым өкілдері келіп қатысты.

Ата туралы арнайы деркеті фильмде түсрілген. Оны түсіруге бір жыл уақыт кеткен. Жалпы бас аяғы 7,5 сағаттық фильмді, 15 минуттан бөліп көрсетеді. Негізінен нақты жазылған дерек жоқ, тек қана аңыз әфсаналар қалған дейді фильм авторы Қожа Ахмет ДЕМЕУБЕРГЕНҰЛЫ

Дегенмен деректі фильм зерттеліп, дәйекпен көрсетіледі. Автор фильмге материалдарды іздестіру нәтижесінде, құнды деректергеде қол жіткізгендігін де айтты.

Бекет ата ел тәуелсіздігі жолындағы шайқастарға белсене қатысқан. Мешіт-медреселерде балаларды оқытып, оларды сауаттылыққа үйреткен. Халық оны ерекше қадірлеп, әулие тұтқан. Аңыз бойынша, ол емшілік қасиетке ие болып, адамдарға жәрдем еткен, сондай-ақ даналығымен даулы мәселелерді шешкен. Жартастарды қашап, өзіндік сәулеті бар жерасты мешіттерін салған.
Бекет атаның Оғыландыдағы жерленген орны, жерасты мешіті қазіргі таңда Қазақстан бойынша ең маңызды зиярат орындарының бірі болып табылады, және оған Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен бірдей дәрежеде құрметпен қарайды.
Кейбір деректерде Бекет атаның жер асты мешіттері жеті немесе бесеу дейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен Маңғаз Маңғыстау жеріндегі барлық рухани орындарды зерттеп, ЮНЕСКО-ның құрамына кіргізу керек деді. Бүгінде туристер арасында кең танымыл болғаны Оғыланды. Жер асты мешіті 2 бөлмеден тұрады. Сондай-ақ Пір Бекет атада осы жерде жерленген.

Авторы: Дарын МАРАТҰЛЫ

