Қазақстан бойынша өткен «Халық заңгері» республикалық акциясына 120 мыңнан астам адам қатысқан.
Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, акция 250-ден астам елді мекен мен ірі қалаларда өткен.
«Акция аясында 120 мыңнан астам адам өзін толғандырған құқықтық сұрақтар бойынша тегін әрі білікті кеңес алды», — деп хабарлайды прокуратура.
Акцияға қатысқан заңгерлер шетелдік колл-орталықтардың азаматтардың телефондарына жаппай қоңырау шалу, фишингтік сілтемелер жіберу және жоғары табыс уәде ету арқылы оларды «дропперлікке» (банк шоттары мен карталарын үшінші тұлғаларға беру) тартуымен байланысты интернет-алаяқтықтардың өсуіне орай азаматтарды бұл қылмыс түрлерінен қорғау бойынша нақты ұсыныстар айтқан.
Биылғы акцияға 4 мыңнан астам, заңгер, адвокат, нотариус қатысқан екен.

