Екібастұз қаласындағы «Әсет» дүкенінің жанында адам өлімі орын алды: жігітпен жанжалдасып қалған бойжеткен оның жүрегіне пышақ салған.
Өкінішке орай, марқұм көз жұмды.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс 28 қазанда тіркелген.
«Полиция адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, жан-жақты тергеуді бастады. Күдікті әйел анықталып, қолға түсті. Қазір Екібастұз қаласының уақытша қамау изоляторында отыр», — деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

