STEPPENEWS.KZ: Астаналық ата-аналар eGov Mobile қосымшасындағы Bilim бөлімінен балалары ешқашан жазылмаған үйірмелер мен секцияларды тауып алды. Threads желісінде бұл мәселеге қатысты шағымдар жаппай көбейіп жатыр деп хабарлайды STEPPENEWS.KZ Syrmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ата-аналардың айтуынша, жүйеде балалары іс жүзінде бармайтын спорт және музыка сабақтары пайда болған. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бұл деректер қосымшаға тікелей Оқу-ағарту министрлігінің жүйесінен түсетінін мәлімдеді.

Астана қалалық білім басқармасы қателікті растап, оны мектептердегі мәліметтердің уақытылы жаңартылмауымен түсіндірді. Қазіргі таңда оқу орындарына ескерту жіберіліп, ақпаратты түзету жұмыстары жүріп жатыр. Осындай олқылықтар Қазақстанның басқа өңірлерінде де анықталған.
