STEPPENEWS.KZ: Қазақстанның аймақтық IT-хабтарында технология мен дәстүрді тоғыстырған Digital Nauryz жобасы басталды. Astana Hub экожүйесіне кіретін орталықтарда хакатондар, AI-буткемптер мен стартап таныстырылымдары ұйымдастырылуда.

Бастама аясында Ақтау мен Атырауда жасанды интеллект құралдарын меңгеруге арналған байқаулар өтсе, Павлодар мен Қызылордада визуалды контент жасау бойынша оқу бағдарламалары іске қосылды. Ақтөбеде Baursaq Pitch стартаптар сайысы өтіп, Петропавлда мектеп оқушылары өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.

Сонымен қатар Талдықорғанда робот техникасы мен VR көрмесі, ал Шымкент пен Семейде 3D модельдеу сабақтары өтті. Бұл іс-шаралар аймақтардағы цифрлық дағдыларды дамыту мен кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға бағытталған.

