Түркістан облысы Шардара ауданындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру сабағында жаттығу жасаған оқушы көз жұмды.
Бұл ақпаратты редакциямызға Түркістан облысының Білім беру басқармасы растады. Қазіргі уақытта бала өліміне қатысты тергеу жүргізілуде.
«Баланың өліміне қатысты оқиға білім басқармасының бақылауында. Алдын ала мәлімет бойынша, дене шынықтыру сабағында бала жаттығу жасап жатып, құлап түскен. Мұғалім мен мектептің медбикесі баланы тез арада Шардара ауданының ауруханасына апарған. Алайда, операция кезінде бала жан тапсырды», — деп хабарлайды білім басқармасы.
Қазір баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

 
