STEPPENEWS.KZ: Goal басылымы Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаевты NXGN 2026 рейтингіне енгізді. Әлемнің ең үздік 50 жас футболшысының тізімінде ол 43-орынға жайғасты.
«Қазақстанның барлық уақыттағы ең ұлы футболшыларының тізімі көпшілік жанкүйердің ойына бірден келе бермеуі мүмкін. Алайда Дастан Сатпаев әлем жанкүйерлеріне өз елінен кем дегенде бір болашақ аңыз ойыншыны таныстыру жолында нық қадам жасап келеді», – деп жазады басылым.
Айта кетейік Дастан Сатпаев қазақстандық футболшы, «Қайрат» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы. Футболшы ретінде мансабын 2024 жылы «Қайрат-Жастар» клубында бастаған. 2024 жылғы 7 сәуірде Қазақстанның бірінші лигасындағы дебюттік матчын «Алтай» клубына қарсы өткізген.

