Бүгін таңертең Ақтөбе облысында орын алған жантүршігерлік жол апатынан жараланған алты адам Хромтау ауруханасына жеткізілді.
Олардың бесеуі – үлкен кісі, біреуі – бала.
«Соның ішінде, төрт адам реанимацияда, екеуі палатада. Облыс орталығынан екі бригада дәрігер келді, араларында балалар дәрігері бар. Облыс орталығынан келген реаниматолог, травматолог, хирург, нейрохирург дәрігерлер шұғыл ота жасады», — деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Жараланғандар арасында бір адам ауруханаға жатудан бас тартқан болатын. Дәрігерлердің талабы бойынша ол да қазір ауруханада.