STEPPENEWS.KZ: Әнші Yenlik COLORS жобасына қатысқан алғашқы қазақстандық атанды
COLORS — Германияда жүзеге асатын музыкалық жоба. Онда әртістер түрлі түсті фон аясында өнер көрсетеді. Бұл жобаға әлемнің түкпір-түкпірінен танымал орындаушылар шақырылады, деп жазады Tatler журналы.
Аталған жобаға бұған дейін Билли Айлиш, Joji, Tyla сынды әйгілі музыканттар қатысқан.
«Ұсыныс келген сәтте қуаныштан көз жасымды тыя алмадым. Бұған дейін өзіміз бірнеше рет өтініш беріп көрдік, бірақ нәтиже болмады. Ал бұл жолы COLORS жобасының өзі мені тауып, байланысқа шықты», — деп бөлісті әнші.

