Жас футбол жұлдызы Дастан Сатпаев «Челси» клубына қосылған соң, уақытша Францияның «Страсбург» клубына жалға берілуі мүмкін. Бұл туралы thechelseachronicle порталы жазған.
Бұған дейін алматылық «Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев Дастан Сатпаевтың болашағына қатысты мәлімдеме жасаған.
Оның айтуынша, футболшы 2026 жылдың тамызында «Челси» клубына ресми түрде қосылады.
«Дастан әзірге Англияға кете алмайды. Ол 18 жасқа толғанша «Қайраттың» сапында ойнайды, маусымның алғашқы жартысын осында өткізеді», – деді Боранбаев.
17 жастағы Сатпаев биылғы маусымда ел чемпионатында 26 гол соғып, командасының қатарынан екінші мәрте чемпион атануына үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, ол «Қайраттың» чемпиондар Лигасына жолдама алуына еңбек сіңірді.
«Қайрат» басшылығы жас шабуылшының дамуына жағдай жасап, оның Англияға ауысуын қазақстандық футболдың жаңа кезеңі ретінде бағалап отыр.
Ағылшын басылымы Сатпаевтың келесі маусымда «Челсиге» қосылып, кейін уақытша Францияның «Страсбург» клубына жалға берілуі мүмкін екенін мәлім еткен.
