STEPPENEWS.KZ: Қазақстан құрамасының брейкингтен көшбасшысы Амир Закиров Дубай қаласында (Дубай) өткен WEADS нұсқасы бойынша әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Ересектер арасындағы жарыста өнер көрсеткен Амир турнир барысында мықты қарсыластарын артта қалдырып, финалға дейін жетті. Шешуші бәсекеде ол АҚШ спортшысы Мигель Росарионы (би-бой Gravity) жеңіп, чемпион атағын иеленді.
Жарыстың қола жүлдесі Ресей өкілі Руслан Файзрахмановқа (би-бой Ruslan Footrockets) бұйырды.
Айта кетейік, Амир Закировтің бұл жеңісі қазақстандық брейкинг тарихындағы маңызды жетістіктердің бірі. Спортшының халықаралық аренадағы табысты өнері елдегі көше биінің дамуына жаңа серпін беріп, жас спортшыларға үлкен мотивация болды.

