STEPPENEWS.KZ: Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік кәсіпорындардың бірінің бухгалтері 118 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Прокуратураның мәліметінше, ер адам ақшаны заңсыз шығарып алып, оны 1XBet букмекерлік кеңсесінде бәске тіккен. Қаражаттың бір бөлігіне автокөлік сатып алған, ол көлікке қазір тыйым салынды.
Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Оған аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Прокуратура өңірде мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысуына қатысты тексерістер жалғасып жатқанын мәлімдеді. Бұған дейін осы себеппен 16 адам қызметінен босатылған.

