Бахрейннің Манама қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия Ойындары өз мәресіне жетті.
Бұл дүбірлі дода жас боксшылар үшін аса маңызды турнирлердің бірі болды. Финалдық бәсекелерде қазақ ұландары тамаша өнер көрсетіп, 5 алтын медаль жеңіп алды.
Чемпион атанғандар кімдер
Ұлдар арасында:
- 50 кг: Жұмағали Нұрмахан
- 54 кг: Досжан Жұмақан
- 66 кг: Даниял Шалқарбай
Қыздар арасында:
- 66 кг: Аяулым Оспанова
- 75 кг: Камила Оспанова
Жалпы медаль саны бойынша Қазақстан мен Өзбекстан тең түсті. Алайда ширек финалға шыққандар саны бойынша Қазақстан құрамасы басымдық танытып, қосымша көрсеткіштердің арқасында жалпы есепте бірінші орынға шықты.

 
