Биыл жыл басынан бері Қазақстандағы әртүрлі өндіріс орындарында 133 жұмысшы қаза тапқан. Тағы мыңға жуық адам әртүрлі жарақат алған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметіне сүйенсек, жараланғандардың көбі Қарағанды, ШҚО және Павлодар облыстарында тіркелген. Және зардап шегетін жұмысшылардың ең көбі тау-кен саласында қызмет ететін адамдар.
«Осы фактілерге қатысты құқық қорғау органдары 730 оқиғаны тергеп, 211 қылмыстық іс қозғаған», — деп хабарлайды дереккөз.