2029 жылға қарай Қазақстанда білім алатын шетелдік студенттердің санын 100 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, қазіргі кезде еліміздің жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетел студенті білім алуда. Бұл – Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш.
Ақорда хабарлағандай, 2029 жылға қарай студенттер санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Ол үшін виза режимі оңтайландырылып, шетелдіктердің алаңсыз білім алуына барынша қолайлы жағдай жасалады.
Үздік түлектердің Қазақстанда тұрақтап қалуына мүмкіндік беретін жұмыспен қамту бағдарламасы іске қосылады.

 
