Танымал продюсер Баян Мақсатқызының әпкесі Бәтес Байлының ұлы Айдар Асқарбек атышулы блогер Сабина Мовлаевамен бірге жүрген видеосы жарияланды.
Айдар Асқарбек пен Сабина Мовлаеваның бұл видеосы кинокөрсетілімдердің бірінде қызыл кілемнің үстінде түсірілген.
Олардың әрекетіне, өздерін ұстауына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
Айта кетерлігі, Айдар Асқарбек қазіргі уақытта актриса Жарқынай Ханайыммен бірге заңды некеде.
«Жарқынай жаныңды шығармасын», «Қасыңда Жарқынай болсын», «Сұлу қыз Сабинка», «Отбасылары бұзылып кетпесін», — деп жазды желі қолданушылары.
