Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.
Баян Алагөзова барша қазақстандықты келе жатқан Республика күнімен құттықтап, қуанышты жаңалығын жариялады.
«Бүгін менің анамның арманы орындалды — мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атандым! Жоғары марапатты мен мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның қолынан алдым. Бұл мен үшін зор құрмет әрі үлкен жауапкершілік. Отаныма қызмет етемін», — деп жазған продюсер желідегі парақшасында.
