Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мұғалімдерге маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы кибершабуылдар жайлы жаңа дабыл қағуда.
«Шетелдік дереккөздерге сәйкес, хакерлер АҚШ-тағы 25 оқу орнындағы 6000-нан астам мұғалімнің ақшасын шешіп алған. Интернет алаяқтары төлем деректеріне қол жеткізіп, ақшаны өздерінің банк шоттарына аударып алған», — деп хабарлайды Бас прокуратура.
Бас прокуратура бұл алаяқтық Қазақстандағы мұғалімдерге де зиян келтіруі мүмкін деп алаңдайды. Сондықтан, мұғалімдер пошталарына немесе жеке телефондарына келген сілтемелерді ашпай, сақ болу керектігін ескертеді. Құпия сөздерді қиындатып, екі деңгейлі аутентификацияны қолдануды ұсынады.