Үкімет Қазақстандағы жеңіл автонесие бағдарламасын қайта жалғастыратын болды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметінен мәлімдеді.
«Отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халықтың жеңіл автокөлік сатып алуын қаржыландыру бағдарламаларын одан әрі жалғастырады. Жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг тетігі енеді. Бұл азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған», — деп хабарлайды үкімет.
Айта кетейік, президенттің таңертеңгі тапсырмасын орындау үшін бүгін кешке таман премьер-министр Олжас Бектенов жиын өткізді.