STEPPENEWS.KZ: Бүгін «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығының қолдауымен басталған турдың алғашқы кезеңі қорытындыланды. Қатысушылар тобы Балқаш көлінде болып, өңірдегі балық шаруашылығы туризмі мен қысқы демалыс бағыттарымен танысты.

«Balkhash Winter Fishing» шарасы аясында Балқаштың жыл бойғы туристік мүмкіндіктері паш етілді. Лепсі ауылындағы балық аулау сәттері мен өңірдің қонақжайлылығы қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Ертең, сапардың екінші күнінде ақпараттық тур Текелі қаласында жалғасады. Онда өңірдің тау туризмі мен табиғи нысандарының инфрақұрылымы жан-жақты таныстырылмақ.

