STEPPENEWS.KZ: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасының басталғанын және байланыс операторлары үшін үлестік гранттар ұсыну бойынша ашық конкурс жарияланғанын мәлімдеді.
Конкурс аталған жобаны жүзеге асыру аясында өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – ауылдық аумақтарда телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарды жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с болатын интернет желісімен қамтамасыз ету.
Жоба аясында жергілікті интернетке қолжетімділік желісі жоқ 1 123 ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) тарту жоспарланған.
Бастама жүзеге асқан жағдайда 445 мыңнан астам үй шаруашылығын қосып, шамамен 2,3 миллион адамды жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу мүмкіндігімен қамту көзделіп отыр.
Жоба шеңберінде байланыс операторларына ауылдық жерлерде телекоммуникациялық желілерді салуға кеткен расталған күрделі шығындардың 50 пайызына дейінгі көлемде қайтарымсыз үлестік гранттар беріледі. Құрылыс жұмыстары операторлардың өз қаражаты есебінен жүргізіледі, ал салынған инфрақұрылым олардың теңгерімінде қалады.
Қатысушыларды іріктеу тең мүмкіндік, ашықтық және есептілік қағидаттарына сәйкес ашық конкурс арқылы жүзеге асырылады.

