STEPPENEWS.KZ: Индер ауданының учаскелік инспекторы Мейірбек Далабаев пәтер ішінде құлыпталып қалған 2 және 4 жастағы балаларға көмекке келді. Бұл туралы polisia.kz хабарлайды.
Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшысы жағдайды бағамдай келе, көрші пәтердің балконы арқылы қауіпті биіктіктен ішке кірген. Полицей балалардың жанынан табылып, олардың аман-есен екеніне көз жеткізді.
Тәртіп сақшысының жедел әрекетінің арқасында бүлдіршіндер аман-есен ата-анасына қауышты.

