Бірнеше күн бұрын жазғанымыздай, Атырау облысы Жылыой ауданында екінші топтағы зейнеткерді белгісіз біреу тонап кеткен еді. Оның үйіне баса-көктеп кірген ұры зейнеткердің бетіне сірке суын шашып жіберген болатын. Бүгін Атырау облысының полициясы күдіктіні анықтады.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, осы қылмысты жасады деген күдікпен 55 жастағы әйел ұсталған.
Бетіне сірке суы тиген 62 жастағы зейнеткерді дәрігерлер қарап, үйіне жіберген екен. Полиция «зорлық қолдану арқылы жасалған тонау фактісі» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Күдікті әйел изоляторда отыр.

 
