Өткен демалыс күндері Атырау облысы Құрманғазы аудандық әкімдігінің қызметкері өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған еді. Бүгін әкімдік осы қайғылы жағдайда байланысты ресми мәлімдеме жасады.
Жергілікті AtyrauTODAY ақпарат агенттігі хабарлағандай, әкімдік марқұмның отбасына көңіл айтқан.
«Құрманғазы ауданы әкімдігінің ұжымы Қуаныш Имашевтің мезгілсіз өмірден озғанын қайғыра хабарлайды. Осыған байланысты, оның жақындары мен туған-туысына қайғыра көңіл айтамыз. Қазір оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр», — деп хабарлаған әкімдік ұжымы.
Осы мәлімдемесінде әкімдік сондай-ақ әлі расталмаған ақпаратты таратудың жөнсіздігін де айтады.

