Қазақстанның Көліктегі полиция департаменті «Франкфурт-Астана» рейсімен Астанаға ұшып келген 48 жастағы азаматты ұстап, оны жауапқа тартты.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, ол мас күйде ұшақтағы жолаушылардың мазасын алған.
«Германияның 48 жастағы азаматы бортқа мас күйде мініп, экипаждың талабына бағынбаған. Жан-жағындағы адамдарға балағат сөз айтып, агрессия танытқан», — деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Астана әуежайына келген полицейлер неміс азаматын Қазақстанның Әкімшілік кодексіндегі үш бап бойынша жауапқа тартқан.