Қазақстанға мемлекеттік сапармен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді.
Ақорда жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды.
Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді.