Астанада Audi және Volkswagen көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Соның нәтижесінде жеңіл көліктердің бірі қарсы бағытқа шығып кетті.
Instagram желісіндегі Аstana__sergek аккаунтында Астанадағы Қорғалжын тасжолында болған жол апаты туралы видео жарияланды.
«Жолақтан жолаққа жиі және шұғыл ауысып, маневр жасайтын жүргізушілер жол апатын жасады», – деген тақырыппен видео жарияланған.
Аталған жарияланым туралы елордалық патрульдік полиция былай деп түсініктеме берді:
«Audi көлігінің жүргізушісі Қорғалжын тасжолымен жүріп келе жатып, жолақ ауыстыру кезінде маневр қауіпсіздігіне көз жеткізбей, өзімен бір бағытта келе жатқан Volkswagen автокөлігімен соқтығысқан», — делінген ПД түсініктемесінде.
