STEPPENEWS.KZ: Елордалық полицейлер 15 наурыз күні үйінен шығып, қайтып оралмаған 15 жастағы Мәлібек Қамбарды іздестіріп жатыр.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Мәлібек Бахтиярұлы Қамбар Астана қаласындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз.
Жасөспірімді қалай танимыз?
-
Бойы: шамамен 160–165 см;
-
Дене бітімі: орташа;
-
Киімі: қара күртеше, қара шалбар және қара аяқ киім.
Полиция қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 8-775-817-16-32, 8-705-311-78-53 немесе «102» арнасы.

