Полиция, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде Жетісу облысында синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананың қызметі тоқтады.
Полицияның мәліметіне сүйенсек, арнайы операция Ескелді ауданы аумағында жүргізілген. Полиция қызметкерлері мұқият жасырылған зертхананы анықтаған, онда екі шетел азаматы мен Астана тұрғыны синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған.
Тінту кезінде кәсіби жабдықтар, 6,4 келіден астам «мефедрон», сондай-ақ есірткі дайындауға арналған прекурсор қалдықтары бар 200 литрлік реактор тәркіленген.
«Барлық күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Жетісу облысының мамандандырылған сотының үкімімен үшеуі де кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Полиция осылайша ірі көлемде есірткінің таралуына тосқауыл қойып, адамдардың тағдырына араша түсті», — деп хабарлайды полиция.