Астана мен Алматыда тәулік бойы қызмет көрсететін кітапхана салынады. Осындай үшінші кітапхана Қызылордада ашылуы мүмкін.
Бұл туралы бүгін Қызылорда жұртшылығымен кездескен президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
«Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, өнер саласына мән беретініне тоқталды. Астана мен Алматы қалаларында тәулік бойы қызмет көрсететін екі бірдей Президенттік кітапхана салынып жатқанын жеткізді. Болашақта осы секілді үшінші кітапхана Қызылорда қаласында ашылуы мүмкін екенін айтты», — деп хабарлайды Тоқаев.
Айта кетейік, президент бүгінде Қызылорда облысында сапарлап жүр.

