Саммитте Бахтиёр Саидов Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің жағдайға қатысты мәлімдемесін оқып берді.
— Мәлімдемеде президент Өзбекстанның бауырлас Қатар халқымен және барлық мұсылман елдерімен арадағы ынтымақтастыққа ереше назар аударатынын атап өтті. Сондай-ақ, Шавакат Мирзиёев Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін соңғы әскери агрессияны қатаң айыптады, — деп жазды Өзбекстанның Сыртқы істер министрі өзінің Telegram-арнасында.
Ведомство басшысы Өзбекстан өзінің мызғымас ұстанымын өзгертпейтінін баса айтты. Оның сөзінше, барлық қақтығыс бейбіт жолмен шешілуі керек. Сонымен бірге, халықаралық қауымдастық зорлық-зомбылықты тоқтату және оның өршуіне жол бермеу үшін шұғыл шара қабылдауы тиіс.
— БҰҰ қарарларына сәйкес, Палестина халқының тәуелсіз мемлекет құруға заңды құқығын құрметтеу керек. Өзбекстан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Біз қазірдің өзінде Палестина азаматтарын қабылдап, оларға қажетті қолдау шараларын ұсындық, — деп мәлім етті министр.
Бахтиёр Саидов араб-ислам төтенше саммитін жоғары бағалап, оны аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған тиімді шешімдер қабылданатын алаң екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Дохадағы араб-ислам саммитіне қатысушылар Израильдің БҰҰ-дағы мүшелігін тоқтатуға шақырды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптағанын жазған едік.
Сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі де Дохаға жасалған соққыны айыптады.

