STEPPENEWS.KZ: Елімізде ақылы автожолдармен жүру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Жаңа ережелер жүргізушілер үшін төлем жасау мерзімін ұзартып, айыппұл санын азайтуды көздейді.
Енді жеке тұлғалар ақылы жол үшін төлемді 30 күн ішінде жасай алады. Егер осы мерзімде төленбесе, 31-күні материалдар көліктік бақылау органдарына жіберіледі. Бұған дейін бұл мерзім небәрі 7 күн болған.
Ал заңды тұлғалар үшін бөлек талап енгізілді: олар төлемді келесі айдың 20-на дейін өтеуі тиіс. Уақытында төленбесе, материалдар бірден келесі күні бақылау органдарына жолданады.
Жаңа өзгерістер төлем процесін жеңілдетіп, жүргізушілерге қолайлы жағдай жасау үшін қабылданған. Ережелер ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.

