Ақтөбе прокуратурасы есірткі саласындағы қылмыстарға талдау жасай отырып, психикалық денсаулық орталығының қылмысын әшкереледі.
Дереккөзге сүйенсек, орталық қайтыс болған немесе көшіп кеткен 205 адамның атын жамылып, қылмыс жасаған.
«Зерттеу барысында есірткіге тәуелді деп есептелетін 205 адамның қайтыс болғаны немесе басқа өңірлерге көшіп кеткеніне қарамастан, орталық оларды есептен шығармаған. Осылайша, осы адамдардың еміне негізсіз түрде 2,5 млн теңге бюджет қаражаты бөлініп, орталықтың есепшотына аударылған», — деп хабарлайды прокуратура.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджет қаражаты кері қайтарылып, 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
