STEPPENEWS.KZ: Ақтөбеде мектеп мұғалімі Ұлттық біріңғай тестілеуден жоғары балл алып беруді уәде етіп, ата-аналарды алдағаны үшін сот алдында жауап берді. Педагог әр баллды 7 000 теңгеге бағалап, алаяқтық жолмен ірі көлемде қаражат иемденген.
Ақтөбе қалалық №2 соты екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген айыппен сотталушы «Ж»-ға қатысты істі қарады. Мұғалім жәбірленушілерге 80 балл жинап беру үшін әрқайсысынан 560 000 теңгеден сұраған. Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.
Сот үкімімен «Ж» кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар ол 3 жыл бойы ұстаздық қызметпен айналыса алмайды. Рақымшылық заңының қолданылуына байланысты жаза мерзімі қысқартылып, түпкілікті шешім 2 жыл 4 ай болып бекітілді. Үкім заңды күшіне енді.

