Ақтөбе облысы Шалқар қаласында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған тұрғынға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жәбірленуші Шалқар аудандық ауруханасына жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Күдікті тұлға анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
«Күдікті профилактикалық есепке қойылып, оның ісі аудан әкімдігі жанындағы комиссияда қаралатын болады.
Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін күдіктінің ата-аналарының жауапкершілігі қарастырылуда», — делінген облыстық ПД хабарламасында.
