25 қазан түні Rixos қонақ үйінің маңындағы жолда адам өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Сенімді дереккөздің мәліметінше, 2001 жылы туған мотоциклші кенеттен жолға шауып шыққан жылқымен соқтығысқан. Жылқы бірден өліп қалған, ал жүргізуші ауыр жарақат алып, көз жұмған.
«Оқиға орнына келген мотоциклшілердің айтуынша, көлік құралының аспап-құралдар панелінде минутына 8000-ға жуық айналымды көрсетіп тұрған — жас жігіт алтыншы берілісті қосқан», — деп жазды портал.
Жүргізушілер демалыс базаларына апаратын жолдағы қауіпсіздік мәселесін бірнеше рет көтерді. Жүргізушілер жол жиегінде ешқандай тосқауыл орнатылмағанын, жайылып жүрген мал жолға еркін шығып кететінін айтады.
Малда шағылыстырғыш таспаның немесе жолда ескерту белгілерінің болмауынан жүргізушілер түнде жануарларды көрмей қалады, бұл көбінесе жол апатына әкеп соқтырады.
Автокөлік және мотоцикл иелері жергілікті билік пен мал иелерін жол қауіпсіздігін жақсарту үшін шаралар қабылдауға шақырып отыр. Олардың пікірінше, апаттардың алдын алу және адам өмірін қорғау үшін ескерту белгілерін орнатып, малға шағылыстырғыш элементтерді тағу керек.
