STEPPENEWS.KZ: Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі сотының мәліметінше, ерлі-зайыптылар арасында 125 млн теңге тұратын коммерциялық кәсіпорынға байланысты ұзақ уақыттан бері жанжал болған. Әйелі ажырасуға арыз беріп, ЖШС оның атына тіркелгендіктен, неке бұзылған жағдайда мүлік бөлінбейтін болған.
2024 жылдың тамыз айында ер адам компанияны иелену үшін әйелін өлтіруге шешім қабылдаған. Қайықпен Михайловна өзенінің тармағында серуендеп жүрген кезде ол қайықты әдейі шайқап, әйелін суға құлатқан. Кейін оның шашынан ұстап, су бетіне шығуына мүмкіндік бермей, су астында ұстап тұрған. Нәтижесінде әйел механикалық асфиксиядан сол жерде көз жұмған.
Сот ер адамды орташа қауіпсіздік мекемесінде 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот барысында айыпталушы мен оның адвокаты ақтау үкімін сұраған.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

