Елшіліктің Instagram парақшасында мынадай ақпарат жарияланды.
— Қаржыландырудың уақытша тоқтауына байланысты бұл аккаунтта толық жұмыс қайта басталғанға дейін жаңартулар жүйелі түрде жарияланбайды. Тек шұғыл қауіпсіздік пен қорғанысқа қатысты ақпарат қана жарияланады.
Қазір АҚШ-та және шетелдегі АҚШ елшіліктері мен Консулдықтарда төлқұжат беру және транзит виза бойынша жоспарланған қызметтер жағдай мүмкіндік бергенге дейін жалғасады.
Қаржыландыру толық қалпына келгенге дейін бұл аккаунт жаңартылмайды, тек шұғыл қауіпсіздік пен қорғанысқа қатысты ақпарат қана жарияланады. Қызметтеріміз бен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты trevel.state.govсайтынан таба аласыздар, — делінген хабарламада.
Айта кетелік АҚШ үкіметі жұмысын ішінара тоқтатады.

