Report мәліметінше, апат туралы Associated Press агенттігі АҚШ армиясының арнайы операциялық қолбасшылығына сілтеме жасап хабарлады.
— Ақпаратқа сәйкес, тікұшақ 17 қыркүйек күні кешке кезекті оқу-жаттығуын орындаған. Олар жаттығуды Льюис-Маккорд әуе күштері базасына жақын жерде жүргізген. Бортта төрт адам болған, олардың аты-жөні әлі жарияланбады. Сондай-ақ апаттың себебі анықталған жоқ, — делінген ақпаратта.
Апат туралы бұған дейін оқиға орын алған Терстон округінің шериф кеңсесі хабарлаған.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та жолаушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады.

