STEPPENEWS.KZ: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі ақпан айын қан донорлығын дамыту айы деп жариялады. Ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова бұл бастаманы өзі де қолдап, донор болды, деп хабарлады министрлік.
Ай бойы еліміздің барлық өңірінде донорлармен кездесулер, түрлі акциялар мен қан орталықтарында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады. Әсіресе жастардың донорлық қозғалысқа қатысуына ерекше көңіл бөлінбек.
Қазақстанда жыл сайын 180 мыңнан астам адам донор атанады. Олар қан мен оның құрамдас бөліктерін жалпы саны 250 мыңнан аса рет тапсырады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл сайын шамамен 80 мың науқас қан құюға мұқтаж. Ал елімізде қан құю процедураларының жалпы саны 400 мыңға жуықтайды.

