STEPPENEWS.KZ: Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Ірі жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге бастапқы кездесуін чехиялықтар Тереза Валентова – Маркета Вондроушовамен өткізді.
Матчты Данилина – Крунич сәтті бастады: бірінші сет 6:3 есепімен аяқталды. Екінші сетте чехиялық дуэт тай-брейкте табандылық танытты – 7:6 (7:5). Дегенмен супер тай-брейкте қазақстандық-сербиялық жұп жеңісті өз мойнына алды – 11:9.
Бір сағат 40 минутқа созылған кездесуде Данилина – Крунич 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Валентова – Вондроушова 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.
Анна Данилина – Александра Круничтің келесі қарсыластары кейін анықталады.
Аталмыш жарыста жекелей сында Юлия Путинцева да өнер көрсетеді. Ол алғашқы айналымда әлемнің 94-ракеткасы, мажарстандық Далма Галфимен шеберлік сынасады.

