Алматыда 41 жастағы ер адам туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Көршілері осы оқиға туралы айтты, КТК-ға сілтеме жасап.
Көршілерінің айтуынша, күдікті анасының денесін пышақтап, содан кейін кілемге орап, қоқысқа тастаған.
«1988 жылдан бері осында тұрамыз. Өте өкінішті жағдай. Сене алар емеспіз. Ол екі баланың әкесі. Үлкені Анна Америкада тұрады. Кішісі, осы Иван, 1984 жылғы, жүйке ауруына шалдыққан. Үнемі ауруханаға жатқызылады. Ауруы күзде асқынады. Үйінде үнемі айқай-шу болатын. Тіпті аулада ойнап жүрген балаларға да тиісетін», — дейді марқұмның көршісі Галина.
Күдікті бұған дейін бірнеше рет терезеден секірген. Анасы екеуі осы үйде тұрған. Пәтерден қатты дауыс жиі естіліп, көршілердің тынышын бұзған. Науқас еш жерде жұмыс істемеген.
72 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиға болған пәтердің есігі мөрленген.
«41 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынды, анасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, күдікті жүйке ауруына шалдығып, есепте тұрған. Сот шешімі бойынша сотталады», — дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 30 қазанда Бостандық ауданы, Дунаев көшесіндегі үйде болды.

